Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл тұрғынының ауласынан 130 түп сора табылды

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғынынан 130 түп марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің кезекті егістігін жойды.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, жергілікті тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде полиция қызметкерлері, өзіне тән хош иісі бар 130 түп есірткі тапты. Табылған өсімдіктер тәркіленді. Айғақты заттарды тәртіп сақшылары сараптамаға жіберді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірубойынша СДТТБТ-да тіркелді. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру