Қозғалыс жылдамдығын бұзған 117 ақтөбелік жауапқа тартылды
11-17 шілде аралығында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты Ақтөбе облысы аумағында «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері 844 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын бұзғаны үшін 117 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 15 фактісінің жолын кесті, қарсы жүруге арналған жолаққа шығудың жеті фактісі, 65-тен астам жүргізуші жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін әкімшілік тәртіпте жазаланды, 291 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша 1000 буклет берілді.