Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жылдық еңбек өтілі бар сотталған дәрігер колониядағыларға көмек көрсетіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында 20 жылдық еңбек өтілі бар сотталған дәрігер əйелдер колониясында COVID-19 індетіне байланысты сотталғандаға психологиялық көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу мекемерінде пандемияға байланысты туыстарымен кездесу тоқтатылды.

20 жылдық еңбек өтілі бар сотталған дәрігер әйелдер колониясында жазасын өтей отырып, бүгінгі күні осы бір қауыпті індеттің басымызға түсуіне байланысты, мекемедегі жазасын өтеп жатқан басқа да сотталған әйелдерге психологиялық көмектің қалай көрсетіліп жатқаны туралы айтты.

ОВ-156/21 колониясында жазасын өтеуші сотталған əйелдер короновирустың таралуына байланысты бостандықта қалған туған туыстарының, жанұяларының және балаларының жағдайына эмоционалды алаңдаушылық танытып жатыр.

Сотталған дəрігер Дана Дидарова (ата-жөні өзгертілген) мамандығы бойынша медицина қызметкері балалар дəрігері 20 жылдық еңбек өтілі бар бірінші сыныпты білікті дəрігер мекеме мамандарымен бірлесіп, туыстарының жағдайына алаңдап отырған сотталған əйелдерге кеңес беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Сотталған əйелдер өздерінің қорқыныш сезімдерін, осы бір індеттің туған-туыстарына жұғуын уайымдап, балалары үшін алаңдайтындарын айтып шағымданып келеді. Мекеме мамандарымен бірлесіп біз оларға қолдау көрсетіп жатырмыз,- дейді Дидарова. – Сондай – ақ, мекеме əкімшілігі де  сотталған əйелдерге көмек беруден жалығар емес. Барлық сотталған əйелдер “Skype” арқылы туыстарымен хабарласып отырады. Әйелдердің көздеріне жас алып, туыстарымен сөйлесіп, олардың тазалық гигиенасын қатаң сақтауларын, үнемі бетперде тағып жүрулерін, бөлмелерін желдетіп отыруларын сұрап жатқанын жиі көремін. Осындай қиын уақытта əрқашан қастарынан табылуға қолымнан келгенше психологиялық көмөк көрсетуге тырысамын, өйткені менде Гиппократқа ант бергенмін.

Атап айта кетсек, осы болып жатқан жағдай тек тұрғындарға ғана емес, колония мен оқшаулауда жатқан сотталғандарға да əсерін тигізуде.

Туыстарымен кездесулері тоқтатылды, мектептер мен колледждерде оқу қашықтықтан оқытылды, басқа сөзбен айтқанда оқшаулаудан оқшаулау.

Бірақ осыған қарамастан сотталған әйелдер оған үлкен түсініспеушілікпен қарайды, өйткені осының бəрі олардың ауырып қалмаулары үшін атқарылып жатқан іс – шара екенін жақсы түсінеді.

– Пандемиямен ауырғандар тез жазылып кетулеріне жəне жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстарымен жақын арада қауышуларына тілектеспін, – деп қосты Дана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру