ҚАЖД қызметкерлері жағажайда рейд жүргізді
Ақмола облысының ҚАЖД қызметкерлері жағажайлар бойынша рейдтер өткізуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Коронавирус жұқтырған адамдардың саны өкінішке орай өсуде. Мамандар ұсынатын қауіпсіздік шараларын, көбінесе қазір, жаз мезгілінде, жазғы демалыс маусымында елемейді.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті Жарқайың ауданының пробация қызметінің қызметкерлерімен азаматтық қорғау аудандық гарнизонымен бірлесіп, адамдар көп жиналатын орындар, атап айтқанда жағажайлар мен су айдындары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Барлық демалушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
Өткізілген рейдтік іс-шаралар, демалушылармен профилактикалық әңгімелесу нәтижелері бойынша әрқайсысына өрт қауіпті кезеңде, шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігі туралы жаднамалар таратылды.