Өзбекстанның 42 азаматын тасыған автобус жүргізушісі ұсталды
Ақтөбе облысы Қобда ауданында карантин уақытында ереже бұзған тұрғындар анықталып, жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысының аумағында 50%-данартық адам толған қоғамдық көліктің (автобустардың, шағын автобустардың және т. б.) уақыты шектетілген және отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, мерейтойлар, еске алу, садақа) соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.
Карантиндік шектеулерге қарамастан, 21 шілдеде Қобда ауданының аумағында карантин режимін бұзудың екі фактісі анықталды.
Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 21 шілде сағат 10:00 шамасында Қобда ауданының аумағында «Самара-Шымкент» автожолының 632 шақырымында екі жүргізушінің басқаруындағы «VAN HooI» 916 маркалы автобусын тоқтатты. Салон ішінде болған 42 Өзбекстан Республикасының азаматтарының Атырау облысынан Шымкент қаласына бара жатқаны анықталды.
Аталған факті бойынша барлық азаматтар ҚР ӘҚБК 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус жүргізушісіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, осы күні Қобда бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қобда ауданы ауылдарының бірінде тыйым салынған карантиндік шектеулерге қарамастан, мейрамханада садақа ас беру өткізгенін анықтады. Мейрамханаға 60-қа жуық адам жиналған.
ҚР ӘҚБК 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша мейрамхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал зерделеу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді.