Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

1500 келі шойын ұрланды

Көлік полицейлері жалпы салмағы 1500 келі болатын «құйылмалы шойын» ұрлаған теміржол мекемесінің қызметкерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөліміне «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ күзетшісінен Жанауыл станциясында белгісіз біреудің «Жанауыл-ҚХР» жөнелтілімінің вагонынан салмағы 1500 келі болатын «құйылмалы шойын» жүгін лақтырып жібергені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жөнінде Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов хабарлады.

Аталған факті Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ЖПб-де сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы «Қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық» бойынша тіркелді.

Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы ұрлықты жасағандеген күдікпен Қарағанды облысының 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында құқықбұзушының теміржол мекемесінде вагон қараушы-жөндеуші болып жұмыс жасайтыны анықталды,- дейді С. Жоланов.

Оның айтуынша, полицейлер жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін теміржол мекемелері қызметкерлерімен жасалатын ұрлықтардың жолын кеседі. Мәселен, өткен кезеңде жылжымалы құрамнан жүк ұрлаған «ҚТЖ ҰК»АҚның сегіз және «ӘТЖК» АҚ-ның бес қызметкері ұсталды.

– Жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде ұсталған адамның кінәсі толық дәлелденді. Ол Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының шешімімен жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы кесіліп, осы мерзімге пробациялық бақылау жасау белгіленді, – дейді полиция полковнигі.

Сонымен қатар, С. Жоланов биыл жылдың басынан бері департаментте 223 бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі тіркелгенін айтты.

Қылмыстардың жалпы ашылуы 84,2% құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру