Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қараусыз қалған мал иелері әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ауыл тұрғындарымен малдың еркін бағылуына жол бермеу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еркін жайылым мал ұрыларына қолайлы жағдай жасайды, бұнымен қоса бос жүрген мал жолда пайда болған кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл мәселе туралы солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілер парақшаларында сөз қозғауда. Танымал пабликтерде республикалық маңызы бар жолдарда ауылшаруашылық жануарларының жүргені туралы ақпарат жазылып жатады. Бұл туралы бір фото Омбы жолында Белое ауылы маңында түсірілген екен.

– Қаңғыбас мал иесін ескерткім келеді, – дейді суреттің авторы. – Осындай малдың кесірінен қаншама адам көз жұмып жатыр.


Жануарларды соғып кетумен байланысты жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Ағымдағы жылы мұндай оқиғалар кезінде адам өлімі тіркелген жоқ, алайда, көктемде Айыртау ауданында астық тасымалдап келе жатқан «КамАЗ» жүргізушісі зардап шегуден аман қалды. Түнде «Көкшетау-Рузаевка» автожолында ауыр жүгі бар көлік алдына кенеттен бір табын жылқы шыға келген. Соғылу салдарынан бір жылқы мерт болып, «КамАЗ» аударылған.

– Қараусыз бос жүрген малдар автомобиль жүргізушілеріне айтарлықтай қауіп төндіреді, – деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш. — Заңнамадағы өзгерістер бойынша қаңғырып жүрген малдардың иелеріне жауапкершіліктің артқанын білген дұрыс. Бұрын олар егістіктерді, маяларды таптағаны, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіргені немесе жойғаны, екпелерді зақымдағаны үшін жауапқа тартылды. Енді оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзуды көздейтін 408-бабы қолданылатын болады. Қазіргі уақытта қағидалар жергілікті билік органдарымен бекітілу сатысында. Олар қабылданғаннан кейін, еркін жайылуға жол берген мал иелері мен бақташылар құқық бұзушыларға айналады. Баптың үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды көздейді, егер қаңғыбас жануарлар жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiрсе, онда 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.


Полицейлер жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді. Облыста жабайы жануарларды соғып кетумен байланысты орын алған ЖКО тіркелді. Мамыр айында Айыртау ауданында «Lada Granta» көлігі елікті соғып кеткен. Осындай жағдай Аққайың ауданында да орын алған. Бұл екі жағдайда да адамдар зардап шеккен жоқ, көліктерге механикалық зақым келтірілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру