Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекемеде сотталғандар жеке кәсібін дамытып келеді

Ақмола колонияларындағы сотталғандар жеке бизнесті қолға алып, кәсіптерін өрбітіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/18 мекемесінің 50%-дан астамы еңбекпен қамтылған. Бұл – бір күндік жұмыстың нәтижесі емес. Колониядағы сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметі жергілікті атқарушы билікпен, Степногорск қаласының кәсіпкерлік палатасымен тығыз жұмыс істей отырып, үнемі онлайн кездесулер өткізеді, сондай-ақ телефон, хат алмасу арқылы байланыс орнатады.​ ​ ​

Бүгін барынша қауіпсіз мекемеде «Еңбек-Астана» РМК филиалының өндірістік объектілерінде сотталғандардың шамамен 50%-ы жұмысқа орналастырылды. Филиал нан пісірумен айналысады, макарон, шарикті подшипник зауытына арналған роликтер, металл конструкциялары, құрылыс материалдары, кәдесый өнімдерін дайындайды, киім, қорғаныс құралдарын тігеді.

– Мекемеде жеке кәсіпкерлер өз қызметін дамытады. Бүгінде мұнда жеке бизнестің үш өкілі жұмыс істейді: 20 сотталғанды жұмысқа орналастырумен «Пермяков А.Г.» ЖК, «Абсолют-М» ЖШС және «Kaz Electro Services Group» ЖШС.

Сонымен қатар, «Kaz Electro Services Group» ЖШС – карантин жағдайында шарт жасасып, қатаң режимдегі колонияда, жеті сотталғанды жұмысқа орналастырып өз жұмысын бастаған соңғылардың бірі. «Әзірге кәсіпкер» Еңбек-Астана» РМК филиалының өнеркәсіптік аймағы аумағында шағын үй – жайды жалға алған, – дейді ЕЦ – 166/18 мекемесінің бастығы Тимур Сәдуақасов. – Бұдан әрі автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу цехі үшін уақытша құрылыс салу жоспарлануда.

Колония сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметінің және бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысының арқасында бүгінде КВИ бойынша жағдайға қарамастан, сотталғандар жұмысын жалғастыруда, сот талаптарын өтеуге, осының бәрі жұмыссыз қалған отбасыларға көмектесу бойынша сотталғандарға мүмкіндіктер береді.
​ ​ ​ ​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру