Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 870 көлік есепке алынды
Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 870 көлік тіркеуден өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл 1 маусымнан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде Қазақстан Республикасы азаматтарының атына Қазақстан Республикасы аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.
Бұл ретте азаматтар ҚР Салық кодексінің 615, 553-баптарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік баж салығы үшін төлем жасауы қажет. ҚР Үкіметінің 20 мамырдағы № 306 қаулысына сәйкес Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу есебіне
қою кезінде мынадай құжаттар қажет:
1.Жеке басын куәландыратын құжат
2.Алым мен баждарды төлеу туралы құжаттар
-мемлекеттік тіркеу үшін – 695 теңге.
-көлік құралын (КҚ) тіркеу куәлігін беру үшін 3473 теңге.
мемлекеттік нөмір бергені үшін (МТНБ) – 7779 теңге.
3.Армения Республикасында берілген көлікті тіркеу туралы куәлік
4.Армения Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.
5.Нотариус куәландырған көлік құралын тіркеу куәлігін (техникалық паспортты) мемлекеттік немесе орыс тіліне міндетті түрде аудару.
6.Қазақстан Республикасының аумағына 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақты рульдік басқарылатын көлік құралдары тіркеуге алынады.
Тіркеу уақытынан бастап, Армения Республикасынан әкелінген 870 көлік құралы есепке алынды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, барлық санитарлық-тазалық нормаларын сақтай отыра, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс уаықты
ұзарды. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, ал сенбі күні 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Сол себептен Армения есебіндегі автокөліктерді 1 қыркүйек күніне дейін уақтылы тіркеуге қоюды сұраймыз.