Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылордада екі күнде мас күйінде мотокөлікті басқарған бес жүргізуші және құжатсыз басқарған 31 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның екі күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 187 дерегі, оның ішінде, мотокөлік құралдары арқылы түнгі тыныштықты бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бап) – 12, заңсыз қайта жабдықтаудың (590.7-бап) – төрт, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген (590.9-бап) – 15, мотошлем пайдалану жөніндегі талаптарды бұзудың (593-бап) – 41, маневр жасау қағидасын бұзу (595-бап) – 11, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту (599-бап) – төрт, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеу (600-бап) – бір, авариялық жағдай туғызу (606-бап) – екі, тиісті құжатсыз мотокөлік басқарудың (612.1-бабы) – 31, мас күйінде мотокөлік басқарудың (608-бап) – бес дерегі анықталып, 33 мотокөлік айып алаңдарына қойылды.

6 тамыз күні Қызылорда қаласында орталық көшесі бойында мотокөлігін мемлекеттік белгісіз басқарғаны үшін мотокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында, жүргізуші ауыл тұрғыны алкогольдік
ішімдік ішіп және еш құжатсыз басқарып жүргені анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен “Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы”, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен “Mемлекеттік тіркеу нөмірі, белгілері жоқ” және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының
2-бөлігімен “Құжатсыз басқару” әкімшілік хаттамалары рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру