Мас күйде басқару құқығынсыз көлік тізгіндеген ақтөбеліктер азаяр емес
Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылып, рульге қайтадан отқан тұрғын полицейлерге қарсылық көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылданған шараларға қарамастан, көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, мас күйінде басқаратындар азаяр емес.
6 тамыз күні сағат 21:24-те Ембі қаласында полиция қызметкерлері 62 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Лада 21723» автокөлігін тоқтатты, ол көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, «орта» дәрежедегі мас күйінде басқарған. Аталған автокөліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген кезде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. 346 бабы 1-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде «Құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы«, сонымен қатар ол ҚР ҚК-нің 667-бабы «Полиция қызметкерлерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бойынша екі тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тағы бір жағдай, патрульдік полиция қызметкерлері 07 тамыз күні сағат 04.45-те Есет батыр көшесінде 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-21113» автокөлігін тоқтатты, ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, автокөлікті «орта» дәрежедегі мас күйінде басқарған. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ УҰИ-на қамалды. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлік басқару құқығынан айырылған, Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаны көздейді.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.