Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды
Маңғыстау облысында карантин режимін бұзып, той тойлаған тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 тамыз күні сағат шамамен 23.30-да учаскелік полиция инспекторлары Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде карантин режимін бұзған дерек анықталды.
Ауылдағы бір үйде 30-ға жуық адамның қатысуымен той өткен.
Аталған дерек бойынша 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолданды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев азаматтарды карантин режимін сақтап, шектеу шараларын сақтауға шақырады.