Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында карантин режимін бұзып, той тойлаған тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамыз күні сағат шамамен 23.30-да учаскелік  полиция инспекторлары Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде карантин режимін бұзған дерек анықталды.

Ауылдағы бір үйде 30-ға жуық адамның қатысуымен той өткен.

Аталған дерек бойынша 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолданды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев азаматтарды карантин режимін сақтап, шектеу шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру