Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша көрсеткіш төмендеді

Ақтөбе облысында бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс – қимыл бағдарламасын іске асыру барысында ұрлық санын екі есе азайту нәтижесіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ұрлық – бұл қылмыстың ең көп таралған түрі болып келеді. Ақтөбе облысының Полиция департаменті 2019-2020 жылдары Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс – қимыл бағдарламасын іске асыру барысында ұрлық санын екі еседен астам (4236-дан 1899-ға) азайту нәтижесіне кол жеткізді, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, пәтер ұрлығын тіркеу 50% – ға дерлік төмендеді (801-ден 403-ке дейін), мотоцикл ұрлығы 72% – дан астам (22-ден 5-ке дейін), ұялы телефондар екі еседен астам (1409-дан 654-ке дейін) және мал ұрлығы 47% -дан астам төмендеді (133-тен 70-ке дейін).

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халыққа күзет дабылы құралдарын орнату, ауылдық жерлерде мал жаюды ұйымдастыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, тоқсан сайын “Пәтер”, “Мал ұрлығы” және т. б. сияқты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

Мал ұрлығының негізгі проблемасы жайылымдарда малдың қараусыз қалуы, көптеген ауыл тұрғындары түнде далада малды қараусыз қалдырады. Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері еріктілермен және блогерлермен бірлесіп, қалта ұрлығының алдын алу мақсатында “қауырт сағатта” маршруттық автобус салондары мен қоғамдық көлік аялдамаларда
өздерінің мүлкіне мұқият болу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және қалта ұрыларының бейнелері бар плакаттарды жапсырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру