Ұлттық ұланның генерал-майоры Мұхаметқали Сатов қайтыс болды
Қазақстан Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов кенеттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеше, 17 тамыз күні ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлы 59 жасында өмірден өтті.
- ІІМ барлық жеке құрамы ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері Мұхаметқали Құсайынұлының қазасын ауыр қабылдады. Біз үшін бұл - орны толмас қайғы. Туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.