Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түлкібастық полицейлер 6 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Түлкібастық полицейлер жыл басынан бері алты мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күнделікті Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлерімен аудан көлемінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сағат таңғы 08:00-ден бастап, түні бойы көше қиылыстарына полиция қызметкерлері қойылып, профилактикалық іс шаралар атқарылуда. Соның нәтижесінде 2020 жылдың 7 айында 5943 хаттама толтырылған.

Нақтырақ айтсақ, ҚР ӘҚБТК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау37 хаттама, 408-бабымен (Иттермен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) 258 хаттама, 434-бабы (Қоғамдық орынды ластау) 481 хаттама, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 368 хаттама, 441-бабымен (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу) 325 хаттама, 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) 12 хаттама, 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз нежеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 232 хаттама, 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 139 хаттама, 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы84 хаттама, 597-бабымен (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) 351 хаттама, 602-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы) 499 хаттама, 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) 42 хаттама, 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы37 хаттама, 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) 716 хаттама, өзге де баптармен 1717 хаттама толтырылған.

Одан бөлек, Түркістан облысы Бас санитариялық-дәрігерінің №28 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданы аумағында құрамында полицейлер бар мобильдік топтар рейдтік іс-шараларын жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуыбойынша 234 құқықбұзушылықты анықтап, жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін СЭСке жолданды.        

Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар аудандық полиция бөлімінің полицейлері тарапынан қатаң бақылауға алынып, тиісті деңгейде атқарылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру