Ақтөбеде интернет алаяқтар анықталды
18-20 тамыз аралығында республика аумағында ақпараттық технологияларды пайдаланып жасалатын құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шаралар жүргізу.
Бүгінгі таңда көпшілігіміздің өміріміз ұялы телефонсыз және интернет желісін елестету қиын. Азық-түлікке тапсырыс беру, төлемдерді төлеу, киім сатып алу, адамды табу және тағы басқалар үйден шықпай-ақ жасалады, егер интернетке қол жетімді ұялы телефон немесе компьютер болса жеткілікті. кейбір адамдар үшін бұл өз уақытын үнемдеуге және өмірін барынша жеңілдетуге тамаша мүмкіндік болса, онда басқа «іскер» азаматтар үшін алаяқтық іс-әрекеттер үшін үлкен алаң.
Осылайша, жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күнінде ҚР ҚК 190-бабы бойынша төрт факті тіркелді (интернет алаяқтық), ҚР ҚК 311-бабы бойынша бір факті (порно материалдарды тарату), ҚР ҚК 208-бабы бойынша бір факті (ақпаратты заңсыз иелену), және төрт бұрын жасалған қылмыс анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында интернет алаяқтық жасағаны үшін Ақтөбе облысы ПД КПБ киберқылмыспен күрес тобының қызметкерлері Ақтөбеде «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы «35.000 tenge», «Ақша айналым (@ainalym_a)» парақшасын ашып, ақша қаражатын айналымы сылтауымен интернет алаяқтықпен айналысқан 21 жастағы жігітті ұстады. Хабарласу үшін «WhatsAap» мессенджері бойынша әртүрлі абоненттік нөмірлерді көрсеткен. Ақша әртүрлі «Киви кошелек» және «Каспий Голд» төлем картасына аударылды. Күдікті Ақтөбе қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктінің Әлеуметтік интернет желісін пайдалана отырып, Каспий Банкінен алынған деректер бойынша, жәбірленушілер республиканың барлық облыстарында бар екендігі анықталды.
Басқа жағдайда, интернет алаяқтық жасағаны үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтөбе облысы ПД КПБ киберқылмыспен күрес тобының қызметкерлері Ақтөбеде тағы бір жігітті ұстады.
Күдікті сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы Balzhan Abilhair «balzhan_aqsha_halykka», «Arailyyymka» парақшаларын ашып, ақша қаражаты айналымын сылтауратып, интернет алаяқтықпен айналысқан, парақшада «WhatsAрp» мессенджеріне тіркелген абоненттік нөмірлерді көрсеткен. Ақшаны «KIWI әмиянына» аударған.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осыған ұқсас оқиғаларға тап болсаңыз ПД Криминалдық полиция басқармасының – 8 777 043 11 07 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.