Ақтөбелік полицейлер жол ережесін бұзудың 43 463 фактісін тоқтатты
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қауіпсіздігін алдын алуға және жол-көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетовтің айтуынша, биылғы жылдың жеті айында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзудың 43 463 фактісін тоқтатты, оның ішінде 1061 жүргізуші көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін, 17670 жылдамдықты арттыру фактісі, 594 қарсы жолаққа шығу, 2833 автомобильді басқару кезінде телефонды пайдалану фактісі және 10 550 жаяу жүргіншілер жолында жол берген бұзушылықтар бойынша ұсталды.
– Жүргізушілерді жауапкершілікті сезінуге және алкогольді ішкеннен кейін көлікті басқармауға шақырады және оның салдарын естен шығармаңыз. Полиция қызметкерлері мас болу белгілері бар жүргізушінің автокөлік басқарғанына куә болған барлық азаматтардан бұл туралы «102» қызметіне дереу хабарлауды сұраймыз, – деді А.Саймағамбетов.