Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық көлігін Петропавлда тіркеуге қойды

Көкшетау қаласының тұрғыны аумақтық принципі бойынша өз көлігін Петропавлда тіркеп, риза болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 тамыз күні Көкшетау қаласының тұрғыны Армения Республикасынан сатып алған шетелдік көлігін тіркеуге Петропавл қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінді. Акция басталғаннан бері Гүлмира Тоқпаева баласының дүниеге келуіне байланысты мүмкіндікті пайдалана алмаған. Туған өлкеме, әкеме қонаққа келгеннен кейін аумақтық принципіне сәйкес, көлігімді біржола тіркеуді ұйғардым. Бір сағаттың ішінде оған KIA Optima көлігіне сары нөмірлер берілді. Сол күні Қызылжар және Айыртау аудандарының екі тұрғыны да сондай нөмірлер алды. Бүгін өз көлігін Петропавл қаласының тұрғыны тіркеді.

СҚО полицейлері армян нөмірлері бар көлік иелеріне Армения Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімінің 1 қыркүйекте аяқталатынын еске салады.1 маусымнан 198 солтүстікқазақстандық өз автокөліктерін тіркеу мүмкіндігін пайдаланды. “Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы” ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы қаулысында белгіленген мерзімнің аяқталуына екі аптадан аз уақыт қалды.

– Армения Республикасында тіркелген көлік иелерін қыркүйектің 1-не дейін өз мәселелерін шешуге шақырамыз, – дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Тіркеу үшін қажет сома 11 946 теңгені құрайды. МХҚО құжаттарды сағат 9-дан 18 дейін қабылдайды. Қысқа мерзімде “сары нөмір” алу үшін барлық жағдайлар жасалған.

1 қыркүйекке дейін аумақтық принципі басқа өңірлердің тұрғындарына, егер оларға СҚО-да ауыстыруға қолайлы болса, Петропавл қаласының арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге мүмкіндік береді.

Полицейлер армян нөмірлері бар көлікті тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажеттігін еске салады:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) мемлекеттік тіркеу жарнасын төлеу туралы құжаттар;
3) Армения Республикасының уәкілетті органы берген көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі;
4) көлік құралының қауіпсіздігі туралы сертификат.

Бүгін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында Фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілерінің тікелей эфирінде облыс тұрғындарына түсінік берілді. Бұдан бөлек, Процессингтік орталықтың қызметкерлері өңірлік телеарналардың журналистеріне түсіндіру жұмысын ұйымдастырды. Олар акцияның соңғы кезеңіне баса назар аудара отыра, арнайы репортаждар дайындады. Көлікті тіркеу 31 тамызды қоса жүргізіледі.

Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеуге ниет білдірген азаматтар жұмыс күндері және сенбі күні Петропавл қаласы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған ХҚКО жүгіне алады.

СҚО ПД Процессингтік орталығының “Call-орталығы” қауырт желісіне 32-00-19, 32-00-22, 8-776-297-84-32 телефон нөмірлері арқылы хабарласып, кез-келген қызықтырған ақпарат пен кеңес алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру