Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Із-түзсіз жоғалған жасөспірім пойыздың ішінде табылды

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған жасөспірімді пойыз ішінде ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыздан тапты. Оның Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, таныстарына барып келгені белгілі болды.

- Полицияға жоғалған жасөспірімнің әкесі арызданған. Ол ұлына тән барлық белгілерді айтып берді. Жасөспірімді іздеу жұмыстарына біз полицияның барлық күштері мен жасақтарын жұмылдырдық. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жасөспірімнің интернет арқылы Нұр-Сұлтан қаласына билет сатып алып, сол жаққа кетіп қалғаны анықталды. Жедел уәкілдер ол келе жатқан пойызды анықтап, оны сол жерде ұстады. Із-түссіз жоғалған кәмелеттік жасқа толмаған студент өзінің ата - анасына аман-есен табысталды, - деді Қарасай аудандық ПБ бастығы Болат Тотыбаев.

Әдетте, мұндай жағдайларда полицейлер кәсіби психологтардың қатысуымен жасөспірім мен оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тәртіп сақшылары жасөспірімге қатаң ескерту жасап, осындай жауапсыз қылықтардың соңы неге әкеп соғатыны туралы мысалдар келтірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру