Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер қолөнермен айналысуда

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ 167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер қолөнермен айналысуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыпты азаматтар жазаларын өтеп қана қоймай, айыбын қолдарынан шыққан сан түрлі қолөнер бұйымдарын жасау арқылы ел алдындағы азаматтық парызын өтеуге атсалысуда. Қазіргі таңда бұл түрмеде, толығымен жабдықталған шеберхана бар. Онда бесаспап талантты жандар күн сайын темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойып, түрлі өрнекпен көмкерілген туындыларды жасап шығаруда. Қолөнер туындыларының ішінде үй жиһаздары мен басқа да тұрмыстық дүниелерде кездеседі. Ұлттық өнерді жанына серік еткендерде жоқ емес.

Мысалы сотталған азамат Нұрғали Сыдыковтың жасаған кәдесыйлары көптің көңілінен шығып жатады. Темір тордың ар жағында жасалған теңдессіз туындылар көлеңкеде қалып қоймасын деген мақсатпен арнайы көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде қызығушылық танытқан жандардың қарасы жыл сайын көбейіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру