30-ға тарта тұрғынды алдаған алаяқ әйел қамалды
Түркістан облысы полицейлері 30-ға тарта тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстап, бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізде болса,сәуір айының соңында Түркістан облысы полицейлері жұмысқа орналастырамын деп 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстаған болатын.Егде жастағы азаматша ешқайда тіркелмеген мүгедек балаларды оңалту орталығына жұмысқа қабылдаймын деп алдап, әр адамнан 300 мың – 700 мың теңге аралығында ақшаларын алып кеткен болатын.
Осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс тіркеліп,сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген еді.
Полицейлер жеткілікті дәлелдемелер негізінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, ҚР ҚПК 612-бабының (Oнша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында) талабына сай Мақтаарал аудандық сотына жолданған.
Мақтаарал аудандық сотының үкімімен күдікті әйелге қатысты 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді. Жұмысқа тұруға ақша бергенде, алғанда заңға қайшы екенін атап өтті.