Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде саяжайға ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Ақтөбе облысында полицейлер бөтен біреудің үйіне ұрлыққа түсіп, шығын келтірген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД азаматтарды қырағы болуды және бейне тіркеу, сигнализация жүйелерінсіз саяжай үйлерін қараусыз қалдырмауды және құнды заттарды сақтамауды ескертеді.

Жақында полиция қызметкерлері ұрлықтың кезекті фактілерін ашты.

23 тамызда белгісіз адамдар «Автомобилист-2″ ұжымындағы саяжай үйіне терезе әйнегін сындырып кірген. Үйден музыка аспабын, электр шәйнегін, етік, ет және сары май түріндегі азық-түлікті ұрланған. Келесі күні үй иесі 60 жастағы ақтөбелік полицияға арызданған. Шығын 51 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1987 жылы туған күдікті  ұсталып, бөлімшеге жеткізілді. Ұрланған заттар тәркіленді. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған күдікті «Автомобилист-2″ саяжай үйінде осындай ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

23 тамыз күні түнгі уақытта 1987 жылы туған ақтөбелік терезе әйнегін сындырып, саяжай үйіне кірген. Жалпы құны 20 мың теңгеніқұрайтын киім-кешек пен аяқ киім ұрлаған. Жәбірленуші 1979 жылы туылған ақтөбелік болып шықты. Күдікті өз әрекетін мойындады.

Аталған факті бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру