Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде алаяқ зейнеткерді алдап кетті

Ақтөбеде Орталық базар ауданында алаяқ сенімді зейнеткерді алдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткер сағат 11-де базарға тауар сатып алу үшін барған. Ахтанов пен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы базарға барар жолда ол 20 мың теңгені айырбастамақ болып, алайда алаяқтың арбауына түседі. 30-35 жастағы белгісіз әйел 82 жастағы зейнеткерге 20 мың теңге сомасындағы ақша айырбастау сылтауымен 10 мың теңге сомасындағы жалған купюраларды берген.​ Алданған зейнеткер полицияға жүгінді. Аталған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алаяқтың жеке басы анықталған жоқ, полиция күдіктіні іздестіруде.

Облыс ПД ақтөбеліктерді бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста аса сақ болуға, алаяқтардың құрбаны болмас үшін ақша мен бағалы заттарға байланысты барынша мұқият болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру