Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер "Жолдағы қабылдау" акциясының алғашқы күнін қорытындылады

Өңірде полицейлер қалалар мен аудан орталықтарында жалпы 22 мобильді қабылдау бөлмесін құрды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Жұмыс күнінің соңында біз акцияның бірінші күнін қорытындыладық, оған ІІО-ның 89 қызметкері, басқа мемлекеттік органдардың 11 өкілі және 1711 азамат қатысты. Жақсы тәжірибе-азаматтардың сұрақтары түсетін тікелей эфирлер өткізу. Тікелей байланыс арқылы барлығы 198 өтініш түсті. Оның 21 – і жол қозғалысын ұйымдастыруға, 18 – і Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге, 17 – і көлік құралдарын қайта жабдықтауға, 32 – і айыппұл төлеуге, 12 - і жүргізуші куәліктерін беруге, 27-і карантин кезінде талаптар мен шектеулерді сақтауға қатысты болды, - деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов.

Жалпы акцияның бірінші күні жұмыс режимінде өтті, жүгінген азаматтар полицейлердің жауаптары мен кеңестеріне риза болды.

- Негізгі өзекті мәселе "армян" автомашиналарын тіркеу болып табылады. Естеріңізге сала кетейін, оларды осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін есепке қою керек. "Жолдағы қабылдау " акциясы жалғасуда", - деді Дәулет Молдаханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру