Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады

Қызылордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы отбасының балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.

Жыл сайынғы «Мектепке жол»» қайырымдылық акциясына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері ұйымдасқан түрде атсалысады. Акция барысында әлеуметтік көмекті қажет ететін көп балалы отбасындағы мектеп жасындағы үш балаға мектепке керекті оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етті.

Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың анасы департамент ұжымына өз алғысын жеткізді. Қолдың қысқалығынан балаларына оқу құралдарын алуға мүмкіндігінің бола бермейтінін айтып ағынан жарылды. Осылайша, өздерін қуантуға келген қызметкерлерге балалары кезек-кезек өлеңдерін айтып, рахметін жаудыра қоштасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру