«Жұмысқа тұрғызып беремін»: ауыл тұрғындарын алдаған әйел ұсталды
Қызылорда облысы орталығының тұрғыны 2018-2019 жылдары Арал ауданының тұрғындарынан «жұмысқа орналастырып беремін» деген желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы екі миллионға жуық ақшаларын алып, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтың арбауына ауылдың төрт тұрғыны түскен.
Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 55 жастағы әйел анықталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Әйелдің іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.