Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында адасып қалған тұрғын табылды

Қостанай облысында жылқы іздеуге шығып, адасып қалған ауыл тұрғыны табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамыз күні Арқалық қаласы Полиция басқармасына Молодежный ауылының тұрғыны Гульмира Асылбекова 2020 жылдың 25 тамыз күні жолдасы Марат Асылбеков Молодежный ауылынан атымен жылқы іздеуге шығып кетіп, сол күйі үйіне оралмағаны туралы хабарлады.

Жоғалған азаматты табу үшін жедел іздестуру тобы құрылып, қажетті іс-шаралар жүргізілді. Іздестіру жұмыстарымен Арқалық қаласы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімі Қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы Мейрағазы Жүнісов және учаскелік полиция инспекторы  Дархан Дүйсенов айналысты. Полиция қызметкерлері Молодежный ауылынан 90 шақырым жерде орналасқан Қыпшақ өзені маңында Марат Асылбековты адасып жүрген жерінен тауып алды. Ол жылқы іздеп жүріп, бағыттан айырылғанын, адасып кеткенін айтты.

Марат Асылбеков дер кезінде көмекке келген Арқалық қаласы Полиция басқармасы қызметкерлеріне алғысы шексіз екенін айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру