Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кербұлақ ауданының тәртіп сақшылары көмекке мұқтаж жалғызбасты анаға қолдау көрсетті

Алматы облысы Кербұлақ ауданының тәртіп сақшылары жаңа оқу жылы қарсаңында жақында әкелерінен айырылып қалған оқушы балаларға барып, мектепке қажет киімдері мен құрал-жабдықтарын сатып әперді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жақында үш баланың әкесі мезгілсіз қайтыс болды. Қазақта “жетім көрсең, жебей жүр” деген нақыл бар. Ес білген тұста, әкесіз қалған балаларға оқу жылының алдында көңіл жұбатарлық қамқорлық жасағанды жөн көрдік. Сондықтан, материалдық жағдайын ескере отырып, жеке құрам атынан оларға қолдан келгенше қолдау көрсету туралы шешім қабылданды, – деді Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы Ербол Ахметқалиев.

Аудандық полицейлер мектеп мұғалімдерін ертіп, отбасындағы 10 және 11 жастағы оқушы ұлдардың қалауымен қажетті мектеп киімдерін, спорттық және сыртқы киімдерді және кеңсе құралдары мен азық-түлік сатып алды.Қиын шақта қолдау көрсеткен тәртіп сақшыларына оқушылардың анасы шексіз алғысын білдірді. Сонымен қатар, ұлдарының өнегелі азамат болуы үшін құқықтық сауаттылығының жоғары және тәрбиелі болғанын қалайтынын айтты. Аудандық тәртіп сақшылары аталған отбасының балаларымен тығыз қарым-қатынаста болатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру