Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулықтың көлігінен қара уылдырық табылды

26 жастағы тұрғын Атырауға жетпей, жолда қара уылдырықпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау полицейлері  30 тамыз күні жедел іс-шара барысында “Ақтөбе – Астрахань” тас жолының Аққыстау селосы тұсында Атырауға бағыт алған “Ваз-2114” көлігін тоқтатты.

Исатай ауданы Жанбай селосының 1994 жылғы тұрғынының басқаруындағы көлік салонынан салмағы бір келі болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылды.

ҚР ҚК 339-1-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша cотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру