Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелікті алдаған алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды

2019 жылдың қазан айының басында белгісіз адам Атырау қаласында вахталық әдіспен жұмысқа орналасуға көмек көрсету сылтауымен 34 жастағы ақтөбелікті алдаған кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде алаяқ ақтөбеліктен 300 мың теңге алған.

2020 жылдың 28 мамырында Ақтөбе қаласында кезекті алаяқтық фактісі орын алды. Мұғалжар ауданының тұрғыны Ақтөбе қаласындағы алаяқтық жолмен жергілікті тұрғынның бір миллион теңге ақшасын алған.

Алаяқ 34 жастағы ақтөбеліктің ақшасын “ҚТЖ” АҚ-ға жұмысқа орналасу сылтауымен алып кеткен. Күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған фактілер бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмас үшін аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Бейтаныс адамдарға құнды заттарды немесе ақшаны беру кезінде мұқият тексеріп, қырағылық таныту керек, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру