Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтаулық ер адам өсірген 90 бұта қарасора тәркіленді

Ақтөбе облысында тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 тамызда “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды.

58 жастағы ер адам, Хромтау ауданының тұрғыны құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірген.

Атап айтқанда, одан өсімдіктің 90 бұтасы тәркіленді. Күдікті өз ісін мойындады. Сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру