Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қобда ауданында мал ұрлығы фактісі ашылды

“Арқан” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе облысы Қобда ауданында мал ұрлығы фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамызда Қобда ауданындағы шаруа қожалық аумағынан 62 жастағы шаруа қожалығының басшысына тиесілі үш бас ұсақ мүйізді мал: екі қой мен ешкі ұрланған. Шығын көлемі 115 мың теңгені құрады.

Тергеу барысында аталған шаруа қожалығының 43 жастағы жұмысшысы, Хромтау ауданының тұрғынының ұрлыққа қатыстылығы анықталды. Ұрланған зат тәркіленіп, күдікті Байғанин ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Жеке ауласы мен малы бар азаматтарды мал ұрлығының алдын алу мақсатында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Атап айтқанда жеке малдарды ұйымдастырылған жайылымдарға беру немесе жеке аулада ұстау қажет, өйткені қараусыз қалған жануарлар көбінесе қаскүнемдер үшін пайдалы объектіге айналады, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру