Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Телефонды сұрап алып, қашып кеткен қарағандылық ұсталды

Қарағандыда белгісіз біреу тұрғынның телефонын хабарласып алуға сұрап, телефонды алып, қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне Бұқар-Жырау ауданының 43 жастағы тұрғынан хабарлама түсті. Азамат Қарағанды қаласындағы жанар-жағармай бекеттерінің бірінде оған белгісіз азамат келіп, өзінің ұялы телефонының қуаты өшіп қалғанын айтып, жәбірленушіден біреуге хабарласып алуға ұялы телефонын сұрап алған. Кейін белгісіз азамат біреумен сөйлескен сыңай танытып, жәбірленушінің ұялы телефонын алып қашып кеткен. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы Қарқаралының тұрғынын анықтады. 1 қыркүйек күні ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұялы телефон иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру