Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында сегіз мыңнан астам атыс қаруының иесі тіркелген

Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылғы 1-31 қыркүйек аралығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында сегіз мыңнан астам атыс қаруының иесі тіркелген.
Тұрғылықты жері бойынша тексеру басында 20 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

– қаруды тапсырылмаған сақтау – бір;
– қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзу – 13 (оның ішінде сейфтің қабырғаға бекітпелерінің болмауы – екі, сейф металы қалыңдығының параметрлерін сақтамау – бір, сигнализация жарамсыз – бес және тағы да басқалары – бес);
– қаруды қайта тіркеуді бұзу – алты.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Мәртөк және Шалқар ауданында екі дана электрошокер тәркіленді. Барлығы төрт бірлік суық қару (пышақ) тәркіленді.

Мысалы, 1 қыркүйекте полиция қызметкерлері «Жайсан» ҚӨК-де (автомобиль) шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына шығатын жолда ҚР азаматының басқаруындағы «Рено Дастер» маркалы автокөлігін тексеру кезінде 801 «TYRE» маркалы электр шокері табылды.

Аталған факті бойынша хаттама толтырылып, іс ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру