Ақтөбе облысында киіктерді заңсыз аулау фактісі анықталды
Ақтөбе облысында жойылып кету қаупі бар жануарларды қорғау үшін жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, киіктерді заңсыз аулау фактілері орын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Ырғыз ауданы тұрғынының жеке үйіндегі киік мүйіздерін сақтау фактісін анықтады. Жергілікті тұрғынның тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары барысында 44 дана ақбөкен мүйізі табылды. 12 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.