Полиция қызметкерлері «Марика» атты иттің көмегімен есірткі тапты
Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Марика» атты иттің көмегімен есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Жібек-жолы шекара бекетінен Өзбекстан азаматының есірткі затын алып өтпек болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.
Оқиға орнына тез арада жеткен полиция қызметкерлері тексеру барысында «Марика» атты қызметтік иттің көмегімен шетелдіктің аяқ-киіміне жасырылған есірткі затын тапты.
Тінту барысында жедел уәкілдер өзіне тән хош иісі бар бір пакет есірткі затын тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты 3 грамнан асатын «гашиш» болып шықты.
Қазіргі уақытта осы жайт ҚР ҚК екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде: Оның бірі ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы) және 296-бабы (Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарын, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу) бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып болмаса өсіріп өзің ғана емес бүкіл қоғамды улау заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді. Қайта салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы әрекеттер жасап өмір сүруге шақырады.