Түркістан облысында жол-апатын жасаған ер адам жауапқа тартылды
Түркістан облысының полицейлері жол-апатын жасаған жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне орталық ауруханадан түрлі дене жарақатымен жергілікті тұрғынның түскендігі туралы хабарлама келді. Ақпарат алысымен полиция қызметкерлері шұғыл әрекетке көшті.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларының анықтауынша, күндізгі сағат 15:00 шамасында Жібек жолы ауылы көшелерінің бірінде «ВАЗ» маркалы көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып кетеді. Осылайша «Аudi» маркалы автокөлікті соғып өтіп, оның артында келе жатқан «мотоциклмен» соқтығысады. Соның салдарынан «мотоциклде» жолаушы болып отырған жігіт жарақат алып, ауруханаға түскен. Сараптама тағайындалды. Көліктердің барлығына материалдық шығын келтірілген.
Тексеру барысында жол-көлік оқиғасына «ВАЗ» маркалы көлік жүргізушісінің жол ережесін сақтамағаны себеп болуы мүмкін.
Аталған жайт Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша тіркелді. Ал, автокөлік айыптұрағына қойылды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға кеңес береді.
Егер сіз жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.