Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталған 10 ай көрмеген жарын көрді
Шығыс Қазақстан облысы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталған 10 ай көрмеген жарын көрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласындағы қатаң режимдегі ОВ-156/14 мекемесінде елімізде короновирустық инфекциясына байланысты төтенше жағдайдың енгізіліп, карантиндік шектеулер қойылғаннан бері сотталғандардың туыстарымен кездесуіне тыйым салынған болатын. Қазіргі күні вирустың таралуының азаюына байланысты кездесулерге рұқсат беріліп, мекемеде алғашқы кездесу өтті.
Бұл күнді Серік асыға күтті. Жасаған қылмысы үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған, жаза өтеудің жеңілдетілген түрінде ұсталатын Серікке ұзақ мерзімді кездесу әр үш айда бір рет ұсынылады. Кезекті кездесу уақытында карантиндік шектеулер қойылып, кездесулер тоқтатылған болатын. Сол себепті ол жары Айгүлмен 10 ай кездеспей, ал өзінің кенжесі – Айзеренің алғашқы сөздерін естімеген еді. Бүгін көптен күткен жақын жандардың кездесуі өтті.
– Қылмыстың өтеуі жаза екендігін білемін. Дегенмен жанұяммен кездесу мүмкіндігімнің бар екендігіне қатты қуанамын. Болған іске болаттай мықты болып, сүйікті адамдарыммен қайта бостандықта қауышқым келеді. Ол үшін колония әкімшілігімен барлық жағдай жасалған, – дейді Серік.
– Кездесулердің тоқтатылған мақсаты сотталғандар арасында вирустың тарауының алдын алу болып табылса, сотталғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстары және туыстарымен байланыстарын күшейту олармен тәрбие жұмысын жүргізуге туыстарының қатысуы – бұл осы кездесулердің негізгі мақсаты болып табылады. Ұзақ мерзімді кездесу орындары керекті жарақты құралдармен толық қамтылған. Барлығы 10 ұзақ кездесу орындары болса, сегіз қысқа мерзімді кездесу кабиналары жарақтандырылған, – дейді мекеме бастығы Самат Ахмеджанов.