Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төлеби ауданында полицейлер «Отбасы» мерекесіне орай қайырымдылық жасады

Түркістан облысының Төлеби АПБ Тергеу саласының қызметкерлері көп балалы отбасыға барып, арнайы алынған азық-түлікті үлестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин уақытында біраз отбасыларға қиындық түскені жасырын емес. Осындай қиын шақта азық-түлік көтеріп кірген құтты қонақтарды отбасы мүшелері қуанышпен қарсы алды.

Светлана Исраилова есімді Леңгір қаласының тұрғыны бес баласын тәрбиелеп үйде отырған ана.

Өз кезегінде көп балалы ана: – Полиция қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Отбасы күніне көңіл бөліп, көмек қолын созып жатқандарына ризамын. Көп-көп рақмет. Жұмыстарына табыс тілеймін!, – деп ризашылығын білдірді.

Ал, полицейлер: – Әрдайым осындай өзгеге үлгі боларлық іс-шараларға атсалысып, өзіндік үлесімізді қосып тұрамыз. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, мүгедек балаларға мүмкіндігімізше көмек береміз, – деп атап өтті.

Кәсіби міндетіне адал полицейлерге мереке күндерді өз отбасыларының қасында болудың сәті түсе бермейді. Есесіне, қызмет уақыты арасында сауапты іске жұмылып, көмекке зәру тұрғындарға материалдық көмек беріп жүр. Бұл бағыттағы жұмыстар тек мереке күндері емес, тұрақты түрде жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру