Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент: Полиция қызметкерлері “ЛТД-Тұрмыс” ЖШС қызметкерлеріне бетперде таратты

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері қала тазалығымен айналысушы “ЛТД-Тұрмыс” ЖШС өкілдеріне бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – халық арасында індеттің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қала аумағында тазалықты қамтамасыз етуші қызметкерлердің еңбегі үлкен құрметке лайық.

Таң сәріден жұмысқа кірісетін сала өкілдері абадттандыру және көгалдандыру жұмыстарын да атқарады. Күннің ыстығы мен суығында да тынбай еңбектенетін жұмысшылар полиция қызметкерлерінің игі шарасына рахметтерін жеткізді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шараларын қатаң сақтап, санитарлық ережелерге бағыну қажеттігі жөнінде де түсіндірме жұмыстарын атқарды.

Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру