Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз бекіре балығын аулаған атыраулықтар ұсталды

Атырау полицейлері заңсыз жолмен бекіре балығын аулаған екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері  Жайық өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп (рыбоохрана)  «Yamaha-40» аспалы қозғалтқышы бар Бударка қайығын тоқтатты.

Тексеру кезінде қайықтағы Дамба ауылының 36 жастағы екі тұрғынынан екі қапқа салынған жалпы салмағы 60 келіге жуық бекіре тұқымдас балықтары, сондай-ақ 40 келі сазан балығы, ау-тор жарақтар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта екі азамат уақытша ұстау орнында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін
заңсыз алу) бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру