Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері қонақтарға кальян ұсынған кафені анықтады

Атырау полицейлері  қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні карантиндік шектеулерге қарамастан, талаптарды бұзып жұмыс жасап тұрған мейрамхана-кафелерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солардың бірі Атырау қаласы Қарымсақов
көшесінде орналасқан «Урбан» кафесі. Мобильдік топ мүшелері барғанда кафе қонақтары кальян шегіп отырған,  ал кафе қызметкерлері бетпердесіз
жүрген.

Кафе әкімшілігіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабымен (Мейрамханаларда, кафелерде және басқа да қоғамдық мекемелерде кальян шегуге тыйым салынған) хаттама жасақталды. Сонымен қатар, карантиндік режимді бұзғаны бойынша жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру