Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылды

Атырау полицейлері карантин режимін бұзғандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау полицейлері мобильді топпен бірге қала аумағында жүргізілген рейд барысында тыйым салынғанына қарамастан, түнде жұмыс істеген үш мейрамхана-кафені анықтады. Олар карантин талаптарын бұзып, түн ортасында демалушыларға қызмет көрсетуді жалғастырған. Кафе-мейрамханалар Атырау қаласындағы Құлманов, Қарымсақов көшелері мен студенттер даңғылында орналасқан.

Мысалы, «Гинза» мейрамханасында түнгі сағат 01.22 – де 10-ға жуық қонақ, «Урбан» мекемесінде 40-тан астам, ал «Лифт» мейрамханасында 20-ға жуық демалушылар болған.

Аталған мекемелердің басшыларына қатысты ӘҚБтК-нің (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) 425-бабына сәйкес материалдар жинақталды. Бұл материалдар
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру