Павлодарда мас күйінде көлік басқарған 886 жүргізуші анықталды
Павлодарлық полицейлер жол қауіпсіздігін және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды тұрақты негізде қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған қарамастан, мас күйінде көлік құралын басқаратын автокөлік жүргізушілері азаймайды.
Мәселен, 2020 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 01.45 шамасында Екібастұз қаласындағы Павлов көшесінде патрульдеу кезінде полицейлер Әнуар Ембергенов пен Амангелді Кәрімов 31 жастағы жүргізушінің басқаруымен «ВАЗ-2114» маркалы көлік құралын тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары өткір ерекше иісті сезінді. Оны көлік жүргізуден сұрай отырып, оған медициналық тексеруден өтуін ұсынды.
Нәтижесінде нарколог-дәрігер жүргізушінің мас күйінде екендігі туралы медициналық қорытынды шығарды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылып, жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды, жүргізуші куәлігі алынды.
Жыл басынан полицейлер мас жүргізушілерге қатысты 886 әкімшілік хаттама толтырды.