Атырауда жыл басынан 432 мас жүргізуші ұсталды
Атырау қаласы аумағында ішімдік ішіп, көлік басқарған 433 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
385 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нін 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен бұл жүргізушілер 15-20 тәулік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот қаулысымен жүргізуші құқығынан айырылған 47 адамға қатысты Атырау қаласы ПБ-ның Анықтау бөлімі ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Тек екі аптада, 1-14 қыркүйек аралығында 30 жүргізуші мас күйде көлік құралын
басқарып, ұсталды. Олардың арасындағы 24 адамға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, 15 тәулікке қамаққа алынды. Тексеру кезінде, алты азаматтың бұдан бұрын жүргізуші құқығынан айырылғандығы анықталып, оларға қатысты тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша жүргізілуде.