Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!”

Отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында Қостанай облысы аумағында 14-16 қыркүйек аралығында “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралар туралы халықты таныстыру.

Акция аясында ЖПҚБ аға инспекторы Жұлдыз Қабенова “Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта қызмет алушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, әлеуметтік көмек алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері айтылды.

Жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтарды 29%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Биылғы сегіз айда әйелдерге қатысты 2 584 құқық бұзушылық тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) 2 611 адам әкімшілік жауапқа тартылды, 786 азаматқа қатысты ерекше талаптар қойылды және 5 371 қорғау нұсқамасы шығарылды.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты барлық мәселе бойынша әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығының сенім телефонына хабарласу керектігін хабарлады 8 (7142) 54-06-32 немесе “102”. Сондай-ақ “Прогресс катализаторы” ұйымының шұғыл желісі 8-776-394-77-88 жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру