«Москвич» мінген зейнеткерлер жол апатынан қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы кезінде екі зейнеткер қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты Есіл ауданында шамамен таңғы сағат 10-дар шамасында болған. «Москвич» автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі мен әйелі оқиға орнында мерт болған. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша «Москвич» автокөлігінің жүргізушісі маневр жасай отырып, қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» ауыр жүк көлігіне жол бермеген. Соның салдырынан үш көлік соқтығысқан. Үшінші «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Шал ақын ауданында болды, онда Ұзынжар ауылының маңында «УАЗ 452 А» мен «КамАЗ»көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі жолаушы қаза тапты. «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.