Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер адасып кеткен зейнеткерді отбасына тапсырды

Атыраулық полицейлер адасып кеткен зейнеткерді отбасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек күні 63 жастағы қала тұрғыны үйінен шығып кетіп оралмаған. Өз беттерімен іздеп таппаған туыстары полицияға хабарласады.

Ұмытшақтығымен қоса басқа да сырқаты бар азаматтың түр-түсін, киген киімдерін сұрастырып алып, іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған учаскелік полиция инспекторлары ұзамай оның жүрген жерін анықтап, туыстарына табыс етті.

– Менің қайын атам үйден белгісіз бағытта шығып кетіпті. Ол кісі ауруына байланысты үйді таба алмайды, сондықтан біз оған қатты алаңдадық. Алдымен біз атамызды өздеріміз табуға тырыстық. Содан кейін полициядан көмек сұрадық. Учаскелік инспекторлар Данияр Тайбуриев пен Қуандық Сүйіндіков біздің өтінішімізге бірден жауапкершілікпен қарап, іздеу жүргізді. Кешке таман олар менің қайын атамды Ақжар ауылындағы «Тоқмырза» дүкенінің жанынан тауып алып, үйге алып келді. Полиция инспекторларына үлкен алғысымызды білдіреміз және оларға зор денсаулық пен жұмыстарына табыс тілейміз!, – деді келіні.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру