Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты
Түркістан облысы Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін сағат 16:38 шамасында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында "ВАЗ" және "Мазда" автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты (бір ер адам "ВАЗ" жолаушысы және екі әйел "Мазда" жолаушылары). Жедел-жәрдем көлігінде тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. "ВАЗ "автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды.
Оқиға орнында Ордабасы АПБ және Түркістан облысының ПД анықтаушылары жұмыс істеуде.
Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда.